Әлеуметтік қызметтер порталы

Qoldau кеңес беру орталығы әлеуметтік қызметтер порталының жұмыс принципін және оны пайдалану мүмкіндіктерін түсіндіреді.

Мына мәселелерде кеңес жүргіземіз:

Әлеуметтік қызметтер порталында тапсырыс ресімдеуге қажетті электрондық-сандық қолтаңбаны қашықтан ресімдеу.
Гигиеналық және техникалық оңалту құралдатын таңдау кезінде кеңес және оқыту жүргіземіз.
Әлеуметтік қызметтер порталында техникалық оңалту құралдарына тапсырыс ресімдеу бойынша оқыту және кеңес жүргіземіз.
Әлеуметтік қызметтер порталы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бір бөлігі және мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға тікелей жеткізушілерден оңалту құралдары мен қызметтерін өз бетінше сатып алу мүмкіндігін беретін автоматтандырылған жүйе болып табылады.

Портал 6 процестен 5-еуін цифрлауды көздейді (инватакси қызметінен басқа), бұл: 
  • арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету;
  • техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету;
  • ым-ишара тілі маманының қызметтерін көрсету;
  • жеке көмекші қызметтерін көрсету;
  • шипажай-курорттық ем қызметтерін көрсету. 

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оңалту құралдарымен қамтамасыз етуге протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ кресло-арбаларды беру кіреді. Арнайы әлеуметтік қызметтерге жеке көмекшілердің, ым-ишара тілі мамандарының қызметтері және шипажай-курорттық ем жатады.  
Портал оңалту құралдары мен қызметтерін тең алуды, үйден шықпай-ақ «бір терезе» арқылы уақытылы әлеуметтік көмекті қамтамасыз етеді, мүгедектігі бар тұлғалар техникалық оңалту құралдары мен арнайы әлеуметтік қызметтерге қашықтан тапсырыс бере алады. 

Портал пайдаланушыларына кеңес беру:
+7 (701) 348 05 93
Порталда әлеуметтік қызмет алу бойынша қысқаша нұсқаулық:

  1. Тіркелген орны бойынша ХҚКО-на жүгініңіз, өзіңізбен бірге келесі құжаттар болсын: Жеке оңалту бағдарламасы (ЖОБ), жеке куәлік және мүгедектік туралы анықтама. Қызметтер алуға өтініш жазыңыз және Әлеуметтік қызметтер порталына aleumet.egov.kz кіру рұқсатын алыңыз;
  2. Әлеуметтік қызметтер порталында aleumet.egov.kz ЭСҚ (Электрондық-сандық қолтаңба) арқылы авторизациядан өтіңіз;
  3. Авторизациядан кейін «Сізге арналған көмек» қосымша бетін таңдаңыз;
  4. Ашылған терезеден «Техникалық оңалту құралдары» таңдаңыз;
  5. Тапсырыс бергіңіз келетін бұйымды таңдаңыз.
  6. Жеткізушілер тізілімі ашылады. Қалаған жеткізушіні таңдаңыз;
  7. ЭЦҚ электрондық цифралық қолтаңба арқылы қызметтер құнын өтеу өтінішіне қол қойыңыз;
  8. Бұйымды алудың қолайлы тәсілін таңдаңыз: өзі алып кету немесе тұрғылықты мекенжайы бойынша жеткізу;