Қағаз бұйымдар және ылғал сулықтар. Ересектер мен балалардың пайдалануға арналған бұйымдар қызару, қышу және аллергиялық реакциялар тудырмайды.
Урологиялық өнім
Инконтиненциямен (зәр ұстай алмау) ауыратын тұлғаларға арналған сіңіргіш бұйымдар
Super Seni ересектерге арналған жөргектер
Ересектерге арналған классикалық «дем алатын» жөргектер – зәр ұстай алмаудың орташа және ауыр деңгейіндегі жақсы әрі тексерілген қорғаныс. Қозғалу мүмкіндігі шектеулі адамдарға ұсынылған.
Seni Active урологиялық іш киімі
Seni Active іш киімі — белсенді өмір салтын ұстанатын адамдарға, сондай-ақ қимылдық оңалту жаттығуларына қатысушыларға арналған оңтайлы шешім.
Seni Lady урологиялық төсемелері
Seni Lady — бұл ыңғайлылықты, жайлылықты бағалайтын және белсенді өмір салтын ұстанатын әйелдерге арналған урологиялық төсемелер. Зәрді ұстай алмаудың жеңіл деңгейінде ұсынылады.
Seni Man урологиялық астарлары
Seni Man — бұл белсенді өмір салтын ұстанатын, жайлылық пен қауіпсіздікті бағалайтын ерлерге арналған урологиялық астарлар. Зәрді ұстай алмаудың жеңіл деңгейінде ұсынылады.
Seni Soft бір реттік гигиеналық жаялықтары
Seni Soft бір реттік гигиеналық жаялықтары жөргекті ауыстырған кезде және гигиеналық процедуралар жүргізу кезінде қосымша қорғаныс ретінде қолданылады.
Урологиялық бұйымды өзіңіз таңдаңыз
SeniControl мобильді қосымшасы зәр ұстай алмау деңгейін бағалайды және сіздің қажеттіліктеріңізге сай келетін ыңғайлы урологиялық бұйымды ұсынады.
Қосымша Android және iPhone смартфондары үшін қолжетімді
Толығырақ
Балаларға арналған жөргектер мен іш киімдер
Белсенді сәбилерге арналған ыңғайлы, жұмсақ іш киімдер мен жөргектер.
Bella Baby Happy жөргектері мен іш киімдері
Happy-мен балалар үшін нәзік қорғаныс, анатомиялық пішіні мен икемді элементтері жөргектің мінсіз жанасуын және сәбидің әр даму кезеңінде қозғалыс еркіндігін қамтамасыз етеді. Сіңіруші элементтер сәбидің нәзік терісін қорғай отырып, ұзақ құрғақтық сезімін қамтамасыз етеді. Жеңіл әрі дем алатын жабыны ауаның кіруіне кепілдік береді, теріге дем алуға мүмкіндік береді.
Happy іш киімдері – сәби жаңа дағдыларға ие болады және біртіндеп тәуелсіздікке үйренеді. Іш киімдердің арқасында сіз оларды тез оп-оңай ауыстырып, бірден ойынға орала аласыз. Happy іш киімдері балаға горшокқа үйрену кезеңінде де көмектеседі. Happy іш киімдерінің жоғары сапасы мен қауіпсіздігі дерматологиялық тестілермен расталған. Сондай-ақ бұл өнімдер Ана мен бала институтынан және Ұлттық гигиена институтынан оң қорытынды алды.
Теріге күтім жасау
Тері күтімді қажет еткен кезде…
Seni Care косметикалық құралдары
Біздің бүкіл денеміз дұрыс күтімді және қорғанысты қажет етеді. Теріге күтім жасауға арналған өнімдердің кең аясы теріні жұмсақ тазартады, оны қалпына келтіреді және зиянды факторлардан тиімді қорғайды. Заманауи технологиялардың және арнайы таңдалған белсенді компоненттердің арқасында seni care косметикалық құралдары терінің гидролипидті қабатын қорғай отырып, өте нәзік әрі тиімді әсер етеді. Seni care косметикасында табиғи компоненттер қолданылады, сондықтан ол тіпті өте сезімтал тері үшін де қолданылады. Seni care барлық құралдары тері үшін қолайлы pH деңгейіне ие. Seni care құралдары терінің қорғаныс қабатын нығайтады, соның арқасында оның тітіркенуге сезімталдығы азаяды.
Әйел гигиенасы
Әйелдер мен қыз балаларға арналған гигиеналық бұйымдар.
Bella гигиеналық төсемелері
Bella – нарықта жетекші орында тұрған әйелдерге арналған гигиеналық бұйымдар маркасы. Bella гигиеналық төсемелері өте кең ассортиментте ұсынылған, әркім өзіне қолайлы нұсқаны таба алады. Біз қорғаныс пен жайлылық беретін сапалы, сертификатталған гигиеналық өнімді сатамыз. Біздің ассортиментте өте қалың классикалық төсемелер бар. Сондай-ақ анатомиялық пішіні бар ультра жұқа төсемелер де бар. Сыни күндерге арналған төсемелерден бөлек, ассортиментте күнделікті астарлар желісі бар, кең ассортимент, үздік сапа, тиімді баға. Bella брендінің табысы – бұл бірінші кезекте, өнімдердің жоғары сапасын қамтамасыз ету, клиенттердің қажеттіліктерін түсіну және заманауи технологиялармен қатар жүру.
Мақта бұйымдары
Жастықшалар мен косметикалық таяқшалардың кең ассортименті.
Bella Cotton мақта өнімі
Bella cotton сауда таңбасымен мақтадан жасалған бұйымдар ұсынылған. Мақта дискілер мен таяқшалардың кең ассортименттік гаммасы. 100% мақтадан жасалған косметикалық мақта дискілер сапаны бағалайтындар үшін дайындалған. Мақта дискінің шеттері «біріктірілген», соның арқасында қатпарланбайды және талшықтар қалдырмайды. Олар макияжды кетіру кезінде теріні тазартады. Жайлылық пен нәзіктікті қамтамасыз етеді. Мақта таяқшалар да 100% мақтадан жасалған, әртүрлі қаптамада ұсынылған, әркім өзіне қажеттісін таңдай алады.
Evita мақта өнімі
Evita косметикалық жастықшалары мен мақта таяқшалары нәзік әрі жұмсақ мақта өнімі, макияжды кетіруге, теріге күтім жасауға өте жақсы жарайды. Нәзік текстурасы жайлылықты қамтамасыз етеді. Ыңғайлы қаптамасы қажет санын алуға мүмкіндік береді.
Bella Baby Happy балаларға арналған мақта таяқшалар
Балаларға арналған, табиғи мақтадан жасалған, шектеуіші бар мақта таяқшалар. Ыңғайлы, түрлі-түсті, ашық қаптамаларда ұсынылған. Құрамында түймедақ, жолжелкен сығындысы және Д-пантенол бар bella baby Happy мақта таяқшалары қауіпсіз күтім жасауға арналған. Түймедақ, жолжелкен сығындысы және Д-пантенол жұмсарту әсерін береді, тері тітіркенуінің алдын алады.
Сулықтар
Қағаз бұйымдар және ылғал сулықтар. Ересектер мен балалардың пайдалануға арналған бұйымдар қызару, қышу және аллергиялық реакциялар тудырмайды.
Bella №1 қағаз өнімі
Bella №1 қағаздан жасалған қолайлы әрі заманауи гигиеналық бұйымдары – бұл бүкіл отбасына арналған өнімдердің кең аясы: қол орамал, гигиеналық және косметикалық сулықтар. Bella №1 жұмсақ әрі берік бұйымдары. Целлюлоза – бұл өсімдіктерден алынатын табиғи шикізат. Гигиена құралдарын жасап шығару үшін қолданылады. Бұл өнімдер теріге қауіпсіз және ұстағанға жағымды. Берік целлюлозалық талшықтарының арқасында олар тез әрі дәл тазартуға өте жақсы жарайды.
Bella Baby Happy қағаз сулықтары
Bella Baby Happy — бұл нәзік, берік орамалдар мен созып алатын сулықтар ассортименті. Екі қабатты орамалдар өте нәзік әрі ұстағанға жағымды, баланың мұрнында тітіркену тудырмайтын қағаздан жасалған. Ыңғайлы қаптамасы пайдалануды оңайлатады, ал жан-жануарлардың түрлі-түсті суреттері баланың назарын аудартып, қуантады.
Bella ылғал сулықтары
Bella – теріні керемет сергітеді және ылғалдандырады. Флип-топ қаптаманың арқасында сулықтар пайдалануда өте ыңғайлы, қаптаманың ықшам көлемі – өзіңмен бірге алып жүруге ыңғайлы. Құрамында спирт жоқ. Bella интимдік гигиенаға арналған ылғал сулықтары — сергітеді, интимдік иісті бейтараптандырады, сондай-ақ ылғалдандырады, бұл ретте табиғи бактериялық флораны бұзбайды, себебі интимдік жердегі теріге физиологиялық тән pH-қа ие. Құрамында спирт жоқ. Флип-топ қаптаманың арқасында сулықтар пайдалануда өте ыңғайлы.
Bella Baby Happy ылғал сулықтары
Барлық тері типтеріне арналған жұмсақ ылғал сулықтар. Мұқият таңдалған ингредиенттердің және бейтарап pH арқасында олар сәбидің табиғи қорғаныс кедергісін сақтай отырып, терісін жұмсақ тазартады және күтім жасайды. Құрамында спирт, силикондар мен парабендер жоқ. Құрамындағы аллантоин мен Е дәруменінің арқасында құрғақтықтың алдын алу үшін арнайы қорғаныс қабатын түзе отырып, теріні керемет ылғалдандырады.