Күтім жасау мектебі
Qoldau күтім жасау мектебіне мүмкіндігі шектеулі адамдарға, ауыр науқастарға және егде жастағы адамдарға күтім жасайтын күтушілерді, кәсіби қамқоршыларды, туыстарын, әлеуметтік қызметкерлерді, еріктілерді шақырамыз.
Күтім жасау, оңалту, деменция, психология және т.б. бойынша оқытулар жүргіземіз. Біз үшін маңызды міндет науқастың өмір сапасын жақсарту үшін ғана емес, қамқоршының физикалық және психологиялық денсаулығын да ойлап, дұрыс күтім жасауды үйрету болып табылады.
Оқудың аяқталғаны туралы сертификат береміз.