• »
  • »

Алматы қаласындағы № 1 емхананың медициналық қызметкерлеріне арналған «Ауыр науқастарға күтім жасау» семинары

«Qoldau» «Ауыр науқастарға күтім жасау туралы» кезекті семинар өтті. Бұл жолы ауыр науқастарға күтім жасау дағдыларын үйренуге Алматы қаласындағы № 1 емхананың медициналық қызметкерлері ниет білдірді. Семинарда біз зәр мен нәжісті ұстай алмау сияқты дерт кезінде туындайтын мәселелер туралы және осы мәселелерді шешу жолдары туралы сөйлестік. Зәрді ұстай алмау кезіндегі гигиена және дұрыс қорғау құралдарын таңдау мәселелері талқыланды. Медициналық қызметкерлерге – өз ісінің мамандарына гигиеналық қорғау құралдары туралы білу қызық болды, себебі көбісі ерлерге арналған қорғау құралдарының бар екені туралы және төсек тартып жатқан науқастардың терісіне күтім жасауға арналған арнайы косметика туралы білмейтін болып шықты.

Қатысушылар осындай семинар ұйымдастырылғаны үшін өз алғыстарын білдірді. Семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар және кішігірім сыйлықтар берілді.
04 ҚАЗАН / 2021