Дөңгелек үстел

Қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсету және ұзақ мерзімді күтімді ұйымдастыру мәселелері

"Qoldau" ұзақ мерзімді күтім жөніндегі кеңес беру орталығы «Возрождение " қазақстандық немістер бірлестігі" қоғамдық қорымен бірлесіп ұзақ мерзімді күтім мәселелері бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге шақырылдар:

  • "Әлеуметтік қызметкерлер, мүгедектер мен еріктілер қауымдастығы" қоғамдық бірлестігі;
  • Алматы қаласы мәслихатының депутаттары;
  • Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы;
  • Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы;
  • "Қазақстан паллиативтік көмек қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі;
  • Алматы қаласының паллиативтік көмек көрсету орталығы;
  • "Возрождение" қазақстандық немістер бірлестігі" қоғамдық қоры;
  • Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары;
  • Алматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары.
Дөңгелек үстелде ауыр науқастарға үйде де, стационарларда да сапалы күтімді ұйымдастырудың проблемалық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, мүгедектігі жоқ гигиеналық құралдарға (жөргектер, сіңіргіш жаялықтар) мұқтаж ауыр науқастарды әлеуметтік қолдау туралы мәселелер көтерілді.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша күтімге мұқтаж адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту және күту бойынша әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби даярлау мәселелері бойынша ұсыныстар әзірленді.

22 маусым / 2022