Гигиена неге маңызды?

Егер науқас үнемі кереуетте жатуға мәжбүр болса, онда гигиена мәселесі – ең маңызды мәселелердің бірі. Оған себеп көп: егер дене тазалығын күтпесе, ойылу пайда болуы мүмкін, науқас қатты жайсыздық сезінеді, тіпті асқынуы да мүмкін.
Төсек тартып жатқан науқасқа күтім жасау үшін әртүрлі пайдалы құралдар керек:


  • бір реттік сіңіргіш жаялықтар, оларды күніне бірнеше рет ауыстырып тұру керек;
  • ылғал сулықтар;
  • құлақ тазалауға арналған мақта таяқшалар;
  • қағаз сүлгілер;
  • тіс щеткасы;
  • медициналық қолғап;
  • маникюрға, қиюға, қырынуға арналған керек-жарақтар;
  • бас жууға арналған үрлемелі ванна;
  • гинекологиялық және урологиялық төсемелер;
  • жөргектер;
  • нәжіс- және зәр қабылдағыштар.
Науқастың жағдайына қарай, тізім толығуы мүмкін.

Мамандар процедуралардың жүргізуде келесі тұрақтылықты ұстануды ұсынады:


  • ауыз қуысының гигиенасы – күніне екі рет;
  • интимдік аймақ гигиенасы – күнделікті (зәр ұстай алмау болса – әр ішті босатқан немесе зәр шығарған сайын);
  • дене мен басты жуу – аптасына бір рет;
  • мұрын мен құлақты тазалау – қажеттілігіне қарай.
  • Егер пациенттің салмағы артық болса, осы амалдардың барлығын жақын адамының көмегімен орындаған жөн. Бір адам науқасты салмағында ұстап тұра алмауы және процедураларды сапалы жүргізе алмауы мүмкін.
  • Осы кеңестерді пайдаланыңыз, сонда қиындықты ұмытасыз.
17 ТАМЫЗ / 2021