Мүгедектікті қалай ресімдеу керек?

Мүгедектік – бұл еңбекте және өмір сүруде шектеулерге алып келетін, денсаулықтың тұрақты бұзылуы. Шектеулер деңгейіне қарай, мемлекет мүгедектігі бар азаматтарды тиісті әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етеді.
Мүгедектікті ресімдеу үшін келесі әрекеттерді жасау керек:

  1. Учаскелік дәрігеріңізге жүгініңіз, ол диагноз қояды, функционалдық бұзылулар деңгейін анықтайды, қажетті тексерулер көлемін анықтайды, сондай-ақ емдік – және қалпына келтіру шараларының тізімін жасайды.
  2. Тексерулер, емдік және қалпына келтіру шараларын жүргізгеннен кейін, тұрақты функционалдық бұзылулар бар болса, дәрігер дәрігерлік-кеңес беру комиссиясына (әрі қарай – «ДКК») жібереді. ДКК қойылған диагноз, жүргізілген тексерулер мен емдік-қалпына келтіру шаралары туралы мәліметтер негізінде медициналық-санитарлық сараптамадан (әрі қарай – «МСС») өтуге қорытынды дайындайды.
  3. ДКК-дан қорытынды алғаннан кейін МСС-дан өтіңіз, қорытындыда нақты қайдан өту керектігі көрсетіледі. МСС өту соңында сараптамалық қорытынды шығарылады, соның негізінде мүгедектік туралы анықтама аласыз. 
16 ТАМЫЗ / 2021