• »
  • »

«Qoldau» орталығында ауыр науқастарға күтім жасау туралы алғашқы семинар өтті

Семинарға төсек тартып жатқан науқастарға күнделікті күтім жасайтын «Демеу» Әлеуметтік қызметтер орталығының (психоневрологиялық аурулары бар тұлғаларға арналған интернат) қызметкерлері шақырылды. Семинарда зәрді ұстай алмайтын адамдардың мәселелері және оларды шешу жолдары талқыланды.
Тыңдаушыларға науқастарға гигиеналық күтім жасау, тамақтандыру, белсенділік, психологиялық қолдау бойынша жалпы нұсқаулар берілді. Сіңіргіш құралдарды дұрыс таңдау бойынша кеңес жүргізілді.
Сондай-ақ семинарда төсек тартып жатқан науқастардың терісіне күтім жасау мәселелері де көтерілді, себебі теріге күтім жасау бойынша гигиеналық шаралар ойылудың алдын ала алады. Тыңдаушылар стационарларда науқастарға күтім жасау мәселелерінде өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификатттар мен кішігірім сыйлықтар берілді.
04 ҚАЗАН / 2021