• »
  • »

«Qoldau» ұзақ мерзімді күтім жасау бойынша кеңес беру орталығының ашылуы

Бүгін 2021 жылы 21 қыркүйекте біз «Qoldau» ұзақ мерзімді күтім жасау бойынша кеңес беру орталығының салтанатты түрде ашылуын өткіздік. Іс-шараға Нұр Отан партиясының, Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының, әлеуметтік мекемелердің және қоғамдық мүгедектер бірлестігінің өкілдері қатысты
Біздің Орталықтың есігі төсек тартып жатқан науқастарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға сапалы күтім жасауды ұйымдастыру, оңалту құралдарын дұрыс таңдау, әлеуметтік қолдау шаралары бойынша көмек пен кеңес керек барлық адамға ашық.
Барлық қатысқысы келетін адамдарды біздің оқыту семинарларында күтеміз.
21 ҚЫРКҮЙЕК / 2021