Ауыр науқастарға күтім жасау Семинар 14 сәуір, 2022ж.

"Qoldau" орталығында "Ауыр науқастарға күтім жасау " кезекті семинар өтті, оған Алматы Онкологиялық орталығының медицина қызметкерлері қатысты. Семинарда зәр ұстамайтын адамдардың проблемалары және оларды шешу жолдары талқыланды. Тыңдаушыларға науқастарды гигиеналық күту, тамақтандыру, психологиялық қолдау бойынша жалпы ұсыныстар берілді. Сіңіргіш заттарды дұрыс таңдау бойынша кеңес өткізілді. Практикалық сабақтар өткізілді: гигиеналық процедуралар, науқасты жылжыту техникасы, сіңіргіш гигиеналық құралдарды ауыстыру. Сондай-ақ, семинарда ойылудың алдын алу мәселелері талқыланды. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар мен сыйлықтар берілді.

14 сәуір / 2022