• »
  • »

Ауыр науқастарға күтім жасау Семинар 16 наурыз, 2022ж.

2022 жылғы 16 наурызда "Qoldau" орталығында Алматы қаласының тұрғындары мен Медеу ауданының әлеуметтік қызметкерлері үшін "Ауыр науқастарға күтім жасау" бойынша кезекті семинар өткізілді. Семинарда жатқан науқастарға дұрыс және сапалы күтімді ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ гигиеналық процедуралар мен жатқан науқасты жылжыту техникасы бойынша практикалық сабақтар өткізілді, онда барлық қатысушылар белсенді қатысты. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар мен сыйлықтар табыс етілді.
16 наурыз / 2022