Ауыр науқастарға күтім жасау Семинар 23 мамыр, 2022ж.

2022 жылғы 23 мамырда "Qoldau" орталығында паллиативтік көмек бөлімшесінде жатқан науқастарға күнделікті күтімді жүзеге асыратын "Демеу" арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызметкерлері үшін "Ауыр науқастарға күтім жасау" кезекті семинары өткізілді. Семинарда жатқан науқастарға сапалы күтімді ұйымдастыру және жайлы өмір сүруді қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, науқастардың терісіне күтім жасау және қысымның жарасының алдын алу бойынша ұсыныстар берілді. Тыңдаушылар стационар жағдайында науқастарға күтім жасау мәселелері бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар мен шағын сыйлықтар берілді.

23 мамыр / 2022