• »
  • »

Ауыр науқастарға күтім жасау Семинар 30 наурыз, 2022ж.

2022 жылдың 30 наурызда Qoldau орталығы жалғыз басты мүгедектер мен қарт адамдар тұратын Қапшағай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында "Ауыр науқастарға күтім жасау" семинар-жаттығуын өткізді. Семинарға әлеуметтік жұмыс бойынша мамандары, медбикелер және ауыр науқастарға күтім жасайтын мамандар қатысты. Тыңдаушыларға инконтиненция проблемаларына тап болған қарт және ауыр науқастарға лайықты және жайлы өмірді қалай қамтамасыз ету туралы ақпарат ұсынылды. Олар сонымен қатар күтімді дұрыс ұйымдастыруға және олар үшін жайлы өмір сүру жағдайларын жасауға қажетті дағдыларды алды. Пациенттердің терісіне күтім жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинардың барлық қатысушыларына сертификаттар мен сыйлықтар берілді.
Семинарға 50 адам қатысты.
30 наурыз / 2022