• »
  • »

Төсек тартып жатқан науқастарда ойылудың алдын алу

Ойылудың ең жақсы алдын алу – бұл науқасқа сапалы әрі тұрақты күтім жасау, оны үйде де, стационар қабырғаларында да жүргізуге болады.
Күтім жасау амалдарын орындаудың басты ережелеріне төмендегілер жатады:
  1. төсек-орын жабдығын үнемі ауыстырып тұру және агрессивті емес ұнтақпен жуу. Науқас төсекке үнемі жанасатындықтан, ол жатқан төсек-орын жабдығы әрдайым таза болуы тиіс. Кір төсек жаймалары тек ойылуға ғана емес, басқа да дерматологиялық ауруларға алып келуі мүмкін зиянды микроорганизмдердің ұясы болып табылады. Егер адам зәр немесе нәжіс ұстай алмаудан зардап шексе, бір реттік төсеніш немесе ересектерге арналған памперс сияқты арнайы гигиена құралдарын пайдалану керек;
  2. құйымшаққа, желкеге және басқа да қажет жерлерге гипоаллергенді үлдір салынған арнайы резеңке дөңгелек төсеу. Резеңке төсем дөңгелегі төсек тартып жатқан науқастарға күтім жасауда таптырмайтын құрал болып табылады. Ішіндегі қуыстың аррқасында жара бетте болса да, бетке тимейді, осылайша ауырсыну сезімдері пайда болмайды және инфекция жұқпайды;
  3. тұрақты тұрде, сағатына бір рет, қан айналымын қалпына келтіру және терінің белгілі бір тұсында лимфа мен қанның тұрып қалуына жол бермеу үшін науқасты басқа жағына бұрып тұру керек;
  4. дәрігердің нұсқауы бойынша ойылудың пайда болуы мүмкін жерлерде жеңіл босаңсытатын массаж жасауға болады;
  5. төсек тартып жатқан науқасты жұмсақ жуғыш гигиена құралдарын пайдалана отырып жылы ағын су астында үнемі жуып тұру. Дәрігердің нұсқауы бойынша баздану жерлерін агрессивті емес антисептикалық ерітіндімен сүрту, содан кейін балаларға арналған ұнтақты пайдалану.
16 ТАМЫЗ / 2021