Зәрді ұстай алмау деңгейін қалай анықтауға болады?

Инконтиненция себебіне қарамастан, оның біліну деңгейі әртүрлі болады. Инконтинецияны деңгейлерге бөлу – болжалды, ол 4 сағат ішінде бақылауға келмей бөлінетін зәрдің орташа мөлшеріне негізделген.
Қандай бұйым пайдалану керектігі туралы шешім қабылдаудағы алғашқы қадам әр нақты жағдайдағы инконтиненция деңгейін анықтау болып табылады. Инконтиненция деңгейіне, зәрді ұстай алмау жағдайларының жиілігіне, сондай-ақ нақты адамның белсенділігіне қарай, сәйкес келетін төсемелер немесе жөргектер таңдай аламыз.
Қай сіңіргіш бұйымды таңдауды шешпес бұрын, зәр шығару күнделігін пайдаланған жөн, соның арқасында зәрді ұстай алмау деңгейін оңай анықтауға болады.
Зәрді ұстай алмау деңгейлері:
1. тамшылы – 50 мл дейін;
2. жеңіл – 50-100 мл;
3. орташа – 100 – 200 мл;
4. ауыр – 200-300 мл.
5. өте ауыр – 300 мл көп.


Есептеуге кіріспес бұрын, бірнеше параметрлерге назар аудару керек:

  • қуық орташа 500 мл зәр сыйдырады
  • әдетте біз зәр шығаруға қажеттілікті қуықтың 1/3 толған кезде сеземіз мы
  • бір ретте ағзадан 200 мл-дей зәр шығады
  • ішкен сұйықтық мөлшерін сезіну маңызды
  • әдетте ағзадан ішкен сұйықтықтың 80%-ы шығады (су, сорпа, шәй, шырын және т.б.)
  • инконтиненциямен ауыратын адамның ширақтығы, сондай-ақ оның дәретханаға қаншалықты жиі үлгеріп бара алатыны маңызды рөл атқарады.
Бір тәулікте зәр шығару күнделігінің деректері негізінде тиісті бұйымды таңдау мысалын келтірейік.

Мысал. Қозғалысы шектеулі әйел, дәретханаға тек қамқоршымен бара алады
93 мл / 4 сағ. алдық, бұл инконтиненцияның жеңіл деңгейі шамасында тұр, осылайша, зәрді ұстай алмаудың жеңіл деңгейіне арналған бұйымды таңдау керек.
Сондай-ақ зәрді ұстай алмау кезінде қорғауға арналған бұйымды тиімді таңдау мақсатында Seni Control қосымшасы әзірленген, соның арқасында сіз қанша зәр мөлшері бөлінгенін, қандай жағдайда, қанша сұйықтық ішілгенін және т.б. оңай тіркей аласыз.
29 ШІЛДЕ / 2021

Урологиялық бұйымды өзіңіз таңдаңыз

SeniControl мобильді қосымшасы зәрді ұстай алмау деңгейін бағалап, сіздің қажеттіліктеріңізге сай келетін ыңғайлы урологиялық бұйымды ұсынады
Қосымша Android және iPhone смартфондары үшін қолжетімді