Ауыр науқастарға күтім жасау Семинар 10 сәуір 2025ж.

2025 жылғы 10 сәуірде Qoldau ұзақ мерзімді күтім бойынша кеңес беру орталығында "Ауыр науқастарға күтім жасау" семинары өтті. Семинарға профессор Рузуддинов атындағы жоғары медициналық-стоматологиялық колледж студенттері қатысты. Семинар барысында пациенттерді психологиялық қолдау мәселелері және ауыр науқастарға күтім жасаудың ерекшелігі неде екендігі талқыланды. Сондай-ақ, мобильділігі төмен науқастарды жылжыту техникасы және жаялықтарды ауыстыру бойынша практикалық сабақ өткізілді.

10 сәуір / 2025